Loading

Астанада жаңа Qazaq Air әуе компаниясының тұсаукесері өтті

Direct News Source

06-Jul-2015 Дүйсенбі күні Астана әуежайында, 100 % акциясы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тисесілі Қазақстандағы жаңа Qazaq Air әуе компаниясының тұсаукесері өтті.

Қатысушылардың алдында Qazaq Air компаниясының жаңа буындағы Bombardier Dash 8 Q400 ұшағы көрсетіліп, компанияның орта мерзімді даму жоспары жария етілді.

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Qazaq Air әуе компаниясында 12 маршрут болатынын, оның басым бөлігі Қазақстанның аймақтарына қонып, үзіліс жасамай ұшатынын айтты.

"Компания алдымен облыстар арасындағы тікелей қатынас мәселесін шешіп, осы арқылы экономикалық дамуға ықпал етеді. Өз кезегінде қазақстандықтар да өңірлік әуе қатынасының тиімділігіне көз жеткізеді. Осы арқылы біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа әуе компаниясы алдына қойған тапсырмасын толық орындаймыз", - деді ол.

Қызметінің алғашқы кезеңінде әуе компаниясы мына бағыттарды қамтамасыз етеді:

· Алматы - Қостанай -аптасына 3 рейске дейін;

· Алматы - Шымкент - аптасына 8 рейске дейін;

· Алматы - Павлодар - аптасына 3 рейске дейін;

· Алматы - Астана - аптасына 7 рейске дейін;

· Шымкент - Павлодар - аптасына 2 рейске дейін;

· Шымкент - Қызылорда - аптасына 3 рейске дейін;

· Шымкент - Ақтөбе - аптасына 3 рейске дейін;

· Ақтөбе - Қостанай - аптасына 3 рейске дейін;

· Ақтөбе - Атырау - аптасына 3 рейске дейін;

· Алматы - Талдықорған - аптасына 3 рейске дейін

· Алматы - Балқаш - аптасына 3 рейске дейін;

· Астана - Балқаш - аптасына 3 рейске дейін.

Орташа ұшу қашықтығы 800 шақырымдай болады. Қызметтің алғашқы жылында ұшақтың бір күндегі орташа ұшу уақытын 7,3 сағатқа жеткізу жоспарланған. Жолаушылар саны 250 мыңдай болады деп болжам жасалып отыр.

"Qazaq Air" АҚ жобалау жөніндегі директоры Блэр Поллок әуе компаниясындағы бағалар қол жетімді деп хабарлады. "Bombardier Dash 8 Q400 аймақтық ұшағы үнемді ұшақ, сондықтан бұл ұшақтар флоты жолаушылары аз бағыттарға да тиімді сапарлар жасай алады", - деді ол.

Тұсаукесерде көрсетілген Bombardier Dash 8 Q400 ұшағы осы аттас концерннен тапсырыспен алынған үшінші ұшақ. Жаңа заманғы ұшақ ерекше техникалық мінездемеге ие, оперативтілігі жағынан да, жолаушыларға да жайлы.

Аталған үлгінің жылдамдық мінездемесі осы тектес ұшақтар ішіндегі үздіктерінің бірі болып табылады. Отынды жағып, үнемдеуі жақын қашықтыққа ұшатын реактивті ұшақтардан 30% төмен.