Loading

Шағын авиация саласына жаңа тасымалдаушы қосылады — Ж. Қасымбек

Direct News Source

23-Jan-2018 ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек бүгінде министрліктің алдында облыстар арасында тұрақты әуе тасымалдарын және ішкі туризмді дамыту, сондай-ақ санитарлық және пошта тасымалын қамтамасыз ету секілді маңызды міндеттер тұрғанын айтты.

Министр атап өткендей, соңғы 25 жылда ірі авиацияға аса көңіл бөлінді. Сонымен қатар министрлік шағын авиацияны дамыту бойынша да шаралар қабылдап жатыр.

"Соңғы екі жылда біз шағын авиацияға арналған бірқатар арнайы бағдарламаларды қабылдадық және олардың орындалуын мұқият жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз", - деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, 16 жергілікті ұшу-қону алаңын салу көзделген. 2017 жылы осы бағытта жұмыстар басталды: Үржар, Үшарал сияқты шағын қалаларда әуежайлар ашылды.

Бұл бағытты қолдау үшін арнайы субсидиялар бөлінеді.

Жеңіс Қасымбек бүгінде Алматы әкімдігімен бірлесіп, "Жетісу" әуе компаниясының базасында шағын авиация саласында жаңа тасымалдаушы құру бойынша пилоттық режимде жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Болашақта бұл әуе компаниясы үшін 20 аймақтық санаттағы ұшақ сатып алынатын болады.

Жаңа халықаралық бағыттар туралы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Жеңіс Қасымбек 2017 жылдың басынан бері шетелдік және жергілікті әуе компаниялары Астанадан Делиге, Варшаваға, Хельсинкиге, Будапештке, Пекинге, Ереванға, Киевке, Батумиге, Минералды суларға, Сианьға 10 жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашқанын атап өтті.

2018 жылы қазақстандық әуе компаниялары Астанадан Түменге, Краснодарға, Вильнюсқа, Томскіге, Челябіге, Сочиге, Батумиге, Душанбеге рейстер ашуды жоспарлап отыр. Шетелдік әуе компаниялары (Air Baltic, Emirates, Fly Dubai, Ангара, Аэрофлот) Рига - Алматы, Дубай - Алматы, Дубай - Ақтау, Краснояр - Алматы, Мәскеу - Қызылорда рейстерін ашуды көздейді.

В области малой авиации появится новый перевозчик - Ж. Касымбек

На пресс-конференции по итогам заседания Правительства РК министр по инвестициям и развитию Женис Касымбек рассказал, что сегодня перед министерством стоит важная задача - развитие устойчивого авиасообщения между областями и развитие внутреннего туризма, а также обеспечение санитарных и почтовых перевозок.

Как отметил министр, в последние 25 лет много внимания уделялось крупной авиации. Вместе с тем, министерством принимаются меры и по развитию малой авиации.

"Последние два года мы приняли несколько специальных программ по малой авиации и планируем вплотную заняться их реализацией", - сказал Женис Касымбек.

Также планируется построить 16 местных аэродромов. В 2017 году уже начата работа в данном направлении: в малых городах, таких как Урджар, Ушарал, открылись аэропорты.

С целью поддержки данного направления выделяются специальные субсидии.

Также Женис Касымбек сообщил, что на сегодняшний день совместно с акиматом Алматы в пилотном режиме ведется работа над созданием на базе авиакомпании "Жетысу" нового перевозчика в области малой авиации. В будущем для данной авиакомпании будет приобретено 20 самолетов регионального класса.

Кроме того, отвечая на вопрос журналистов о новых международных направлениях, Женис Касымбек отметил, что с начала 2017 года иностранными и казахстанскими авиакомпаниями открыты 10 новых международных авиамаршрутов из Астаны в Дели, Варшаву, Хельсинки, Будапешт, Пекин, Ереван, Киев, Батуми, Минеральные Воды, Сиань.

В 2018 году казахстанскими авиакомпаниями планируется открыть рейсы из Астаны в Тюмень, Краснодар, Вильнюс, Томск, Челябинск, Сочи, Батуми, Душанбе. Иностранными авиакомпаниями (Air Baltic, Emirates, Fly Dubai, Ангара, Аэрофлот) планируется открыть рейсы Рига - Алматы, Дубаи - Алматы, Дубаи - Актау, Красноярск - Алматы, Москва - Кызылорда.

Source: Kazakhstan's Government