Loading

Сауда және интеграция министрлігі мен Алматы әуежайы мультимодальді жүк хабын құратын болады

Direct News Source

Сауда және интеграция министрлігі мен Алматы әуежайы мультимодальді жүк хабын құратын боладыҚайта оралу

Бүгін, 2020 жылғы 15 қыркүйекте Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Отандық тауар өндірушілерді қолдау және экспортты дамыту жөніндегі жұмыс тобының қызметі шеңберінде «TAV Group» инвесторлар консорциумы және Kazakhstan Infrastructure Fund C.V. Қорының өкілдерімен кездесті.

Тараптар Алматы қаласы әуежайының терминалдық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылады, консорциумның «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның 100% үлесін сатып алу процесі алдағы айларда аяқталуы тиіс.

Бақыт Сұлтанов «Алматы әуежайы өңірдің тыныс-тіршілігінде де, Қазақстанның саудасын дамытуда да маңызды объекті болып табылатынын» атап өтті. Министр инвесторлар Алматының сауда-логистикалық хабын дамытуға серпін беретініне сенім білдірді.

«TAV Kazakhstan» Бас директоры – «TAV Airports Holding» бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Фатих Омур мырза Бақыт Сұлтановқа мәмілені өткізу жұмыстары туралы баяндады. Ол сондай-ақ консорциумның «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ аумағында мультимодальдық жүк хабын құру жоспары туралы хабарлады. «Біз бұл жобаға мүдделіміз. Оны іске асыруға әлемнің түрлі елдерінің әуежайларында осындай хабтар құруға маманданған еншілес бөлімшемізді қосамыз», - деп хабарлады Омур мырза.

Бақыт Сұлтанов өз тарапынан инвесторларды ҚР Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру және экспортты ілгерілету жұмыстарының барысы туралы хабардар етті. Ол ҰТЖ аясында Алматыда қазақстандық тауарлардың ҚХР және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарықтарына шығуына ықпал ететін ірі ритейл-хаб құру жоспарланғанын айтты. «Өзара тиімді жоба бірлескен дамуға - әуежайдың өзіне мүмкіндік беріп, экспортты қолдау жөніндегі СИМ міндеттерін іске асыра алады», - деді Министр.

Әуежай менеджменті, өз кезегінде, тауарлар мен әуе қызметтерінің экспортын арттыру бағытында жұмыс істейтін барлық қолданыстағы алаңдар шеңберінде бірлескен жұмысты бастауға практикалық дайындығы туралы мәлімдеді.

Тараптар карго-жобаларды іске асыру шеңберінде тығыз ынтымақтастық орнатуға уағдаласты.

Бақыт Сұлтанов Ұлттық инвесторлар кеңесінің құрамына кіретін Отандық тауар өндірушілерді қолдау және экспортты дамыту жөніндегі жұмыс тобын басқарады.

Минторговли и аэропорт Алматы будут создавать грузовой мультимодальный хаб
К списку

Сегодня, 15 сентября 2020 года, Министр торговли и интеграции Бахыт Султанов в рамках деятельности Рабочей группы по поддержке отечественных товаропроизводителей и развития экспорта встретился с представителями консорциума инвесторов - «TAV Group» и фонд Kazakhstan Infrastructure Fund C.V.

Стороны обсудили вопросы расширения терминальных возможностей аэропорта г.Алматы, процесс приобретения консорциумом 100% долей АО «Международный аэропорт Алматы» должен завершиться в ближайшие месяцы.

Бахыт Султанов отметил, что «аэропорт Алматы является важным объектом как в жизнедеятельности региона, так и в развитии торговли Казахстана». Министр выразил надежду, что инвесторы придадут толчок развитию торгово-логистического хаба Алматы.

Генеральный директор «TAV Kazakhstan» - управляющий директор по развитию бизнеса «TAV Airports Holding» г-н Фатих Омур проинформировал Бахыта Султанова о работе по проведению сделки. Он также сообщил о планах консорциума создать на территории АО «Международный аэропорт Алматы» грузового мультимодального хаба. «Мы заинтересованы в этом проекте. И подключаем к его реализации наше дочернее подразделение, специализирующееся на создании таких хабов в аэропортах разных стран мира», - сообщил г-н Омур.

Бахыт Султанов со своей стороны проинформировал инвесторов о ходе работы над созданием Национальной товаропроводящей системы РК и продвижения экспорта. Он рассказал, что в рамках НТС планируется создание в Алматы крупного ритейл-хаба, который будет способствовать выходу казахстанских товаров на рынки КНР и стран Юго-Восточной Азии. «Взаимовыгодный проект может дать возможность совместного развития - самому аэропорту и реализовать МТИ задачи по поддержке экспорта», - сказал Министр.

Менеджмент аэропорта, в свою очередь, заявил о практической готовности начать совместную работу в рамках всех существующих площадок, которые работают в направлении повышения экспорта товаров и авиауслуг.

Стороны договорились наладить тесное сотрудничество в рамках реализации карго-проектов.

Бахыт Султанов возглавляет Рабочую группу по поддержке отечественных товаропроизводителей и развития экспорта, которая входит в состав Совета национальных инвесторов.

This press release was sourced from Kazakhstan's Ministry of Trade and Integration on 15-Sep-2020.